• Басты бет
  • /
  • "Еске алу вахтасы" жалпықалалық акциясы
"Еске алу вахтасы" жалпықалалық акциясы

Патриотизмді, Отанын қорғау жөніндегі азаматтық борышқа адалдықты қалыптастыру және жастарды жеңімпаз жауынгерлердің өсиеттеріне адалдық рухында тәрбиелеу мақсатында 5 "В" сынып оқушылары – "Жас Сарбаз" әскери - патриоттық үйірмесінің қатысушылары 2023 жылғы 4 мамырда "Еске алу вахтасы" жалпықалалық акциясына қатысты. Мерекелік шара қалалық Жеңіс саябағында өтті. Балалар батырларды еске алып, мәңгілік отқа гүл шоқтарын қойды. Жас ұрпақты шекарашы-ардагер Андрей Яковлевич Шаров мерекемен құттықтады.